Сіздер қалай ойлайсыздар, теорияны тыңдап және хауыз ернеуінде отырып, жүзіп үйренуге бола ма? Немесе жүзіп үйренуді бастау керек пе? Тілдерге қатысты да дәл солай. Шетел тілдерін үйрену үшін Сізге әрекет ету қажет! Теорияны жаттап алу ауызекі тіл тәжірибесін ешқашан алмастыра алмайды.
Қазіргі заманда шетел тілдерін білу маңызды. Ол әлдеқашан халықаралық қатынасу тіліне айналған. Ағылшын мектептегі және университеттегі оқу, жұмыс және саяхаттау үшін қажет.
Француз тілі ағылшын тілінен кейінгі ең көп үйренілетін тіл, БҰҰ-ның екінші ресми тілі, Олимпиада ойындарының ресми тілдерінің бірі және Халықаралық көрме бюросының ресми тілі болып табылады.
Чех тілін білу Сізге Чехиядағы мемлекеттік университетінің тегін бөліміне түсуіңізге көмектеседі. Чех тілі славян тілінің тобына жатады. Бұл тілдің басты ерекшелігі гачектер (háčky) мен чарктер (čárky) болып табылады, олар дыбыстардың жіңішкелігі және созылыңқылығы үшін жауап береді.
Орыс тілі-бұл Толстой, Достоевский, Пушкиннің тілі.Әлемдегі ең бай тілдердің бірі, 260 миллионнан астам адамдар осы тілде тілдеседі. Қазақстанда орыс тілі ұлтаралық қатынасу тілі болып табылады.
Онлайн-оқытудың басты артықшылығы уақытты үнемдеу және ыңғайлы сабақ кестесі болып табылады.